«Жазғы мектеп» - біз мұндайды күтпеген едік…

«Жазғы мектеп» - біз мұндайды күтпеген едік…2015 жылдың 8-20 маусымы аралығында С.Торайғыров Павлодар мемлекеттік университетінің «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы студенттеріне аға оқытушы, х.ғ.к. Исабекова Г.М. үлкен ықыласпен «Жазғы мектеп» сабақтарын өткізді. Теория мен тәжірибенің сабақтастығы анық байқалды. «Шикізат пен азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылау және бағалау» пәні бойынша екі апталық дәрістер шеңберінде студенттер шикізат пен дайын өнімнің сапасы технологиясы және бақылауымен танысу мақсатында «Нәтиже» Қарағанды сүт зауытына, «Қаракөз» Қарағанды ұн тарту фабрикасына экскурсия жасап, сапаның органолептикалық бағалауын жүргізіп, талдаудың физика-химиялық әдістерінен тәжірибе алды. Университетте слайдттар мен бейнежазбалардың қолданысымен өткізілген қызықты лекциялардан басқа, студенттер өздері ұнның, нан, сүт және басқа да өнімдердің әртүрлі әдістерді қолдану арқылы сапасын анықтай алатындай лабороториялық дәрістер де жүргізілді. Студенттер өзіндік тапсырмаларды да орындады: эссе жазды, реферат және таныстырылымдар дай ындады. Студенттер «...біз мұндай жақсы қарсы алуды, қызықты сабақтар мен өндіріске барып тәжірибе алатындай дәрістерді күтпеген едік. Бізге өте ұнады. Мұнда біз көп нәрсені үйрендік, ал ең бастысы, болашақ кәсіби қызметімізге қажет болатын азық-түліктердің сапасын бақылау және бағалауды үйрендік, біз өзіміз, өз қолдарымызбен, өз көзімізбен көріп, жұмыс жасадық, бұл, әрине, біздің есімізде мәңгі-бақи қалмақ. Сіздерге үлкен рахмет» деді.

 

«Жазғы мектеп» - біз мұндайды күтпеген едік… «Жазғы мектеп» - біз мұндайды күтпеген едік…
«Жазғы мектеп» - біз мұндайды күтпеген едік… «Жазғы мектеп» - біз мұндайды күтпеген едік…
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus