«Бүгінгіден қазіргіге дейін»
Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту шеңберінде 2015 жылдың қыркүйек айының 16 күні кітапхананың ақпараттық-білім беру орталығында «Қазақ хандығынан тәуелсіз Қазақстанға дейін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысына университет пен ҚЭБҚ колледжінің оқытушылары мен студенттері, кітапхана қызметкерлері, сонымен қоса академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен арнайы шақырылған «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, т.ғ.к., доцент Бейсембекова Нұрсахан Ахметқызы және ф.ғ.к., доцент Жұмағұлов Айтпай Ботпайұлы қатысты. Дөңгелек үстелді өткізу барысында Қазақ хандығының пайда болуы, хандықтың құрылуына зор үлесін қосқан тарихи ұлы тұлғалардың үлесі төңірегінде мәселелер қарастырылып, Қазақстанның мәдениет саласында Қазақ хандығының 550-жылдығына орай жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырылды. Аталған шараның соңында қонақтақға құрмет көрсетіліп, университет атынан әдеби кітаптар сыйға тартылды.