«Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының студенттері 12-ші Қазақстандық Халықаралық туристік көрмеге барды
25 қыркүйек 2015 жылы туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушылары Бедельбаева М.В. және Гарипова А.А. кафедра мамандықтарының студенттерімен бірге Астана қаласындағы көрме орталығында өткен туристік көрмеге барды. Аталмыш көрмеге 25 елдің 65 компаниясының өкілдері қатысты. Сапар барысында студенттер Тұңғыш Президенттің мұражайында болды.