«Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» пәні бойынша мекеме базасындағы сабақ
1-ші және 8-ші қазан 2015 ж. РД-41, РД-24с, РД-33с және РД-32 топтарының студенттерімен мекеме базасында «Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» пәні бойынша «Қонақжай индустриясындағы қызмет көрсетуші персоналдардың сипаттамалары» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақ «Рестро - тур» түрінде өткізілді. Сабақ барысында студенттері бизнес класс деңгейіндегі асханаларда болды: «Rational», «Sky», «Dolche» кафелері. Бұл кәсіпорындар мен ондағы қызмет көрсетуші персоналдардың жұмыс ерекшеліктері туралы айтып берген:
Стригунов Александр - «Rational» бизнес класс асханалар торларының бас директорының орынбасары;
Судари Виктория - «Dolche»;
Кинаят Тархат - «Sky» кафесінің администраторы
Сабақ Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасының өкілінің қатысуымен өткізілді. Сабақ нәтижесінде «Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» тақырыбында эссе жазды.