Республиканская «Тіл– тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасы
2015 жылғы қазан айының 22-23 күндері аралығында университет кітапханасының ғылыми-білім беру орталығында «Тіл – тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасы өткізілді. Аталмыш олимпиаданы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Олимпиаданың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау, ынталандыру, сонымен қоса, еліміздегі үштілді кеңістікті насихаттау, жастардың көптілді меңгеру үдерісін көпшілікке таныту. Байқауға 16 мен 22 жас аралығындағы жастар қатысты.
Олимпиада жеңімпаздарын анықтау үшін тілші ғалымдардан құралған қазылар алқасы анықтады.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес үш тіл бойынша тіл білгірлері дипломдар, алғысхаттар және де ақшалай сыйлықтармен марапатталды.