Тәжірибелік жұмыскердің шақырылуымен өткізілген тәжірибелік сабақ
28.10.2015г.,ауд.368 «Әлемдік қонақжай индустриясы» пәні бойынша практикалық сабаққа РД-41,РД-22,РД-32,Тур-31к,Тур-23с/к,РД-24с топтарымен бірге, туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушысы және кафедра доценті Замбинова Гульмира Кайратовна, ЖШС «Космонавт қонақүйі» банкеттік қызметтерді сату бойынша менеджер Вавринюк Галина Васильевнаны шақырды.
Сабақ жоғары деңгейде өтті, Галина Васильевна өзінің жұмысы туралы, қонақжай индустриясындағы, қоғамдық тамақтану орындарындағы менеджердің жұмыс жайлы, банкеттік қызметтерді сатылуы жайлы әңгімелеп берді. Және де қызмет көрсетуші персонал жұмысы, оларды оқыту туралы да айтылды.
Студенттер қажетті сұрақтарын қойып, менеджерден толыққанды жауап алды, олар осындай тәжірибелі сабақ ұйымдастырған кафедра оқытушыларын алғыстарын білдірді.