«ЕРАМ Қазақстан» ЖШС сырттай өткізілетін сабақ
3 қараша 2015 жылы «ЕРАМ Қазақстан» ЖШС «Java кіріспе» тақырыбы бойынша сырттай өткізілетін сабақ ұйымдастырды. Оған «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтасыздандыру» мамандығының студенттері қатысты. Есмагамбетов Т.У. және Есмагамбетова М.М. аға оқытушыларымен бірге клиенттік қосымшалар мен серверлік бағдарламалық қамтасыздандыруды құрастырудың негізгі сатылары мен ерекшелектерін қарастырды.