Зияткерлік олимпиада
2015 жылдың 21 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің негізінде «Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар» кафедрасы Қарағанды қаласының мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында Кешенді Зияткерлік Олимпиада (дүниежүзі тарихы, география, ағылшын тілі) өткізді.
Кешенді Зияткерлік Олимпиада ІІ кезеңнен тұрды:
І кезең – тестілеу (география, ағылшын тілі)
ІІ кезең – «Зияткерлік шайқасы» зияткерлік ойыны
Олимпиадаға Қарағанды қаласының 13 мектебі пен гимназиясынан қазақ және орыс тілді 11 сынып оқушылары қатысты.
1-ші, 2-ші, 3-ші орын алған қатысушылар Дипломдармен және ҚҚЭУ-де 2016-2017 оқу жылына арнайы жеңілдіктер тағайындалатын сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар мектеп пен гимназия Директорларына Алғыс хаттар тапсырылды.
Жүлдегерлер:
(орыс тілді оқушылар)
1 орын – Туребаева Акшакардиана (КГУ «Гимназия № 3»)
2 орын – Номоконов Александр (КГУ «СОШ № 10»)
3 орын – Калиев Темирлан (КГУ «ОСШ № 27»)
(қазақ тілді оқушылар)
1 орын – Мамытов Мақсат (КГУ «Гимназия № 92»)
2 орын – Каликов Абай (КГУ «ШЛ № 57 им. С. Саттарова»)
3 орын – Қажи Дастан (КГУ «Гимназия № 92»)
Олимпиаданың белсенді қатысушыларына құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтары табыс етілді.