«Көптілділік қазіргі білім жүйесінің басымдығы ретінде»
2015 жылдың 26 қарашасында 206 аудиторияда Әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары Г.М. Байгожина мен Е.Ж. Назаровтың «Халықаралық терроризм» пәні бойынша МО-41к, МО-42, МО-43 топтарында бірлескен көрсетілім сабағы өтті.
Соңғы онжылдықта әлемдік жүйенің салмақты саяси және әскери-стратегиялық өзгерісіне ықпал еткен ауқымы мен қатыгездігі жаһандық сипат алған терроризм сияқты құбылыстың бүгінде ең басты қауіпке айналғаны шындық.
Осы орайда аталмыш бағытта жастармен тығыз жұмыс жасау оқытушыларға да жүктелері анық. Осындай мақсатты көздеген сабақ ойын түрінде өтті.
Ойын 3 кезеңнен тұрды және үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) өтті. Ойынды МО-43 тобының студенті – Оразбекова Айгерим жүргізді.