«Cosmonaut» қонақүй кешеніні базасында өткен тәжірибелік сабақ
3-ші желтоқсан 2015 ж. «Cosmonaut» қонақүй кешеніні базасында «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының 2-4 курс студенттерімен кафедра доценті Г.К.Замбинова жетекшілігімен тәжірибе сабағы өтті.
Кәсіпорынның жұмысы мен қызмет көрсету ерекшеліктері туралы баяндаған:
Осипов Федор Александрович » директоры
Ким Юлия - ЖШС «Космонавт» қонақүй бойынша директор орынбасары
Вавринюк Галина Васильевна-банкеттік қызметтерді сату бойынша менеджер
Иван Маврояниди - "Жулдыз" мейрамханасының бас-аспазшысы
Кешеннің басшысы студенттерді қарсы алып, сабақ барасында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерімен таныстырды, қызметкерлерімен таныстырды, студенттерді қызықтырған сұрақтарын толық жауап берді.
Экскурсия аяқталған сон, Федор Александрович студенттерді Үлкен конференц-залына шақырды, онда студенттер сабақ барысында туындаған сұрақтарын қойып, дәрісті ары қарай тыңдады. Сабақ соңында студенттерге арнап шай-үстелі ұйымдастырылыпты, онда студенттерге мейрамхананың фирмалық тәтті-тоқаштарынының дәмін көрді.
Қонақүйдің басшылығы мен қызметтеркерлеріне осындай танымдық, қызықты сабақ ұйымдастырғандарына үлкен рахмет !