ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ EXPO-2017-ГЕ ҮЛЕСІ.
2015 жылғы 10 желтоқсанда университеттің 105 аудиториясы мен үлкен фоесінде "Қарағанды облысы жас ғалымдарының EXPO-2017-ге үлесі" көрме-конференциясы өтті. Көрме конференцияны Экономикалық және құқықтық зерттеулер Ғылыми-зерттеу институты Қарағанды облысының білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» АҒТО-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Көрме-конференцияға Қарағанды облысының оқушылары, студенттері мен магистранттары қатысып, алуан тақырыптағы жобалар ұсынды. Озық жобалардың авторларына түрлі аталымдар бойынша дипломдар мен сертификаттар тапсырылды. Жобалар жеке жинақ болып шықты.