2015 жылдың 25 желтоқсаны «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы мұғалімдері «Шапағат» балалар арнайы үйіне барып, тәрбиеленушілерді Жаңа жылмен құттықтады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары «Шапағат» балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтау мақсатында ақша жинады. Балалар үйінің әкімшілігінің ұсынысы бойынша кафедра оқытушылары Ныйканбаева А.И., Фурманова М.А. және Хасенова Г.Т. 8-ші топ балаларын құттықтады. Топта 2 және 3 жас аралығында 7 бала тәрбиеленуде. Балалардың барлығы тәтті сыйлықтарымен қатар ойыншықтарын да алды. Алғашқыда қонақтарға қорқынышпен қараған балалар біраздан кейін үйренсіп, бірге ойнай бастады. Ойнап, рахметтерін айтып балалар қонақтарды шығарып салды. Ал қонақтар ауыр күрсіне отырып қайтты.