Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің даму үрдістері мен келешегі
2016 жылғы 27 қаңтарда «Болашақ» академиясында «Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет туралы заңнамны дамытудың түйткілдері мен келешегі» тақырыбында ғылыми-теориялық семинар болды.
Семинардың модераторы «Болашақ» академиясының «Заң пәндері» кафедрасынң меңгерушісі, з. ғ. к., доцент А.Т. Қабжанов, координаторы осы кафедра доценті, з. ғ. к. Л.К. Амандықова.
Семинарға з. ғ. к., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының профессоры К.С. Муслимова, «Қарағанды облысы әкімі аппараты» ҚМКК мемлекет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін көтеру аймақтық орталығының аға оқытушысы С.Х. Мустафин, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет департаментінің бас маманы Р.М. Жусупов, з.ғ. к., «Болашақ» академиясының «Заң пәндері» кафедрасыынң доценті» А.М. Малдыбаев және басқалар қатысты.
Ғылыми-теориялық семинарға ҚКЭУ-ден з.ғ.к., доцент, ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері Кенелұлы Сыздық қатысып, «Қазақстан Республикасы қызметкерлері арасында қылмыстылық пен құқықбұзудың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады.