Қаржы, салық салу және сақтандыру кафедрасының ҚҚЭУ ғылыми- білім беру стратегиясын іске асыру рөлі
2016 жылдың 3 ақпанында 104 аудиторияда «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасы ҚҚЭУ 50 жылдығына арналған «Қаржы, салық салу және сақтандыру кафедрасының ҚҚЭУ ғылыми- білім беру стратегиясын іске асыру рөлі» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға э.ғ.д.,профессор Утебаев М.С.,Кучукова Н.К., Искакова З.Д.,сонымен қатар мемлекеттік мекемелер және де жеке кәсіпорындардың тәжірбиелі мамандары қатысты.
Іс-шараны алғы сөзбен академиялық сұрақтар бойынша және жаңа технологиялар проректоры э.ғ.к., профессор Бугубаева Р.О. ашты.
Келесі баяндамалар тындалды:
Заманауи жоғары білім және ҚҚЭУ-дің «Қаржы» мамандығын дайындаудағы рөлі - э.ғ.д.,профессор Искакова Загира Дюсембаевна;
Әлемдік экономикадағы турбуленттік жағдайдағы ҚР Ұлттық банкінің ақша-несиелік саясаты - э.ғ.д.,профессор Кучукова Нуриля Кенжебековна;
Экономика және қаржы дамуындағы кейбір мәселелер - э.ғ.д.,профессор Утебаев Мусирали Смаилович;
Мемлекеттік кіріс органдарының кадрлық әлеуетін қалыптастырудағы ҚСС кафедрасының рөлі – Таханов Аян Барисович, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің жанама салықты әкімшілендіру басқармасының жетекшісі.