Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті магистранттарының Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы
2016 жылдың 15 наурызы мен 24 наурыз аралығында ғылыми және пдагогикалық бағыттың 6М072700 «Азық-түлік тағамдарының технологиясы», 6М073200 «Стандарттау және сертификаттау» мамандықтарыны2 курс магистранттары К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялар және басқару университетінде (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама барысында магистранттармен «Производство пищевой продукции нового поколения и современные системы менеджмента» бағдарламасы бойынша дәрістер шеңберінде Ресейдегі азық-түлік өндіріс саласындағы заманауи дамудың өзекті мәселелері мен азық-түлік өнімдері технологиясының саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізу бойынша жаңа мәліметтер игерілді.
Тәжірибелік дәрістер шеңберінде магистранттар Ресей мемлекеттік кітапханасына, Мемлекеттік ғылыми-техникалық кітапханасына барды, сонымен қатар Мәскеу қаласының азық-түлік өндіретін заманауи кәсіпорнының жұмысымен танысты.