«Әлемді өзгертетін идеялар»
Бүкіл факультеттердің ең үздік студенттерінен, белсенділерінен іріктелген университет делегациясы 2016 жылдың 28-нен 30-на дейін «ҚР Тұңғыш Президентінің - Ұлт Лидерінің Кітапханасы» ММ базасында өткізілген, «Әлемді өзгертетін идеялар» екі күндік семинарлар-тренингтеріне қатысты.
Семинардың мақсаты - Жас ұрпақтың бойындағы Қазақстан тарихы туралы білім шеңберін кеңейтетін және олардың бойында қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыруға оң ықпал ететін, ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тұжырымдамалық идеялары мен жаһандық бастамаларын зерделеу.
Бағдарлама оқу сабақтары мен мәдени іс-шараларды қамтыды.
Ұлт Жоспарын - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бес институционалдық реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам шеңберінде семинардың таңдаушыларына:
«Қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру»,
«Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсу», «Болашағы бір ұлт», «Ашық есеп беретін мемлекет» тақырыптарында дәрістер оқылды, интерактивті үстелдерде практикалық сабақтар өткізілді.
Мәдени іс-шаралар ҚР Ұлттық Мұражайын және ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайларын аралап көруді қамтыды.