Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы.2016 жылдың 30 наурыз және 8 сәуір аралығында ғылыми және педагогикалық бағыттың 6М050800 «Есеп және аудит», 6М070300 «Ақпараттық жүйелер», 6М090800 «Бағалау» мамандықтарының 2 курс магистранттары Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінде (Ресей Федерациясы, Санкт – Петербург қ.) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама барысында «Актуальные вопросы учетно – финансового и информационного обеспечения современных предприятий и оценки их бизнеса» атты ғылыми тағылымдама аясында ҚЭУ магистранттарына бухгалтерлік есеп, ақпараттық технологиялар және бизнесті бағалау бойынша өзекті тақырыптар талқыланды. Жеке алғанда статистикалық сараптауда, және болжамдауда қолданылатын компьютерлік әдістердің негізгі аспектілерін, басқару есебіне, заманауи есебіне және сараптауға, сыртқы қаржы бақылау жүйесіндегі аудиттің компания құнына әсер етуі, инвестициялық – инновациялық және қаржылық сараптау, инвестициялық жобаларды бағалау, кәсіпорынның құнын бағалау тәжірибесі және т.б., тақырыптар қарастырылды.
Тағылымдаманың ғылыми жағы Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің кітапханасында өтті және де магистрлік зерттеулер тақырыбына сай келетін шетел және ғылыми әдебиетпен танысты.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL