Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында!
2016 жылдың 8-ші сәуір күні «ӘЖ және ӘСП» кафедрасы Қарағанды облысының дін істері басқармасы мен Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауымен ҚҚЭУ-нің 50 жылдығына арналған «Қазіргі замандағы дін: этникааралық және конфессияаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өкілдері қатысты, соның ішінде: Стерлитамак, Астана, Павлодар, Орал, Алматы қалаларының жоғары оқу орындары.
Қарағанды аймағы бойынша ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚММУ, ОҚА, ҚҚЭУ-нің жас ғалымдары, студенттері, магистранттары қатысты.
Модератор т.ғ.д., профессор, ҚҚЭУ-нің Әлеуметтік мәселелер бойынша проректоры Абилов К.Ж. ҚҚЭУ-де өтіп жатқан конференцияның мақсаты мен міндеттерін атап өтіп, конфессияаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу жұмысының қысқаша мәнін ашып берді.
Конференцияның пленарлық отырысында Қарағанды облысының дін істері басқармасының төрағасы К.К. Нуркеновпен Қарағанды облысының ҚХА ҒЭТ төрағасы, м.ғ.д., профессор В.Б.Молотов-Лучанский Кіріспе сөздерімен бастады.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізілді.
1 секция – Жаһандану әлеміндегі рухани дағдарыс жағдайындағы қазіргі заманғы жастар құндылығының иерархиясы.
2 секция – Этникааралық және конфессияаралық қатынас мәдениеті. Этникааралық және конфессия аралық келісімнің Қазақстандық моделі.
3 секция – Дәстүрлі діндерің мәдени құрылымдық болмысы.
4 секция – Дәстүрлі емес діндер.
5 секция – Өркениеттік жаһандану дағдарысындағы экстремизм және халықаралық дағдарыс.
Конференцияның жұмыс нәтижелері бойынша екі томнан тұратын жинақ жарыққа шықты.