Чернобыль АЭС жан түршігерлік апат болған күннен 2016 жылғы 26 сәуірде 30 жыл өтті

Чернобыль АЭС жан түршігерлік апат болған күннен 2016 жылғы 26 сәуірде 30 жыл өттіЧернобыль АЭС жан түршігерлік апат болған күннен 2016 жылғы 26 сәуірде 30 жыл өтті. Оның салдарын жоюға 34 000 қазақстандықтар қатысты, олардың 2000 - қарағандылықтар. Қазіргі уақытта, толық емес деректер бойынша, республикада 7000-ға жуық жоюшы-чернобыльдықтар тұрады.
2016 жылғы 13 сәуірде Чернобыль АЭС болған апаттың 30-жылдығына арналған «Чернобыль-Семей ардагерлерінің Қарағанды облыстық одағы» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің ҚЭУ студенттері мен ҚЭБК оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге қатысқандар: Дуда Янис Болеславович – отставкадағы генерал-майор, Малыш Николай Николаевич – Кеңес мүшесі, Баекенов Мейрамбек Каримович – қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Минин Виктор Михайлович – журналист.
Шараның мақсаты - өз өміріне, денсаулығына қауіп төндіре, ядролық қайнаған ортасына тап болып, апаттың салдарын жойған батыл азаматтардың мысалында жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Студенттерге Чернобыль апаты туралы фильм көрсетіліп, қонақтар - сол ұмытылмайтын оқиғаның қатысушылары - апат салдарларын қалай жойғандарын, қандай қиындықтардан өткендері туралы айтты.
Студенттер қонақтарға алғыстарын білдіріп, университеттің символикасы бар сувенирлер мен гүл шоқтарын сыйлады.

 

Чернобыль АЭС жан түршігерлік апат болған күннен 2016 жылғы 26 сәуірде 30 жыл өтті  Чернобыль АЭС жан түршігерлік апат болған күннен 2016 жылғы 26 сәуірде 30 жыл өтті 
 Чернобыль АЭС жан түршігерлік апат болған күннен 2016 жылғы 26 сәуірде 30 жыл өтті  Чернобыль АЭС жан түршігерлік апат болған күннен 2016 жылғы 26 сәуірде 30 жыл өтті
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL