«Сот сараптама орталығы» жұмыскерлеріне арналған «Азық – түлік емес тауарларға сот – сараптама тауартану зерттеу» атты біліктілікті көтеру курсы

«Сот сараптама орталығы» жұмыскерлеріне арналған «Азық – түлік емес тауарларға сот – сараптама тауартану зерттеу» атты біліктілікті көтеру курсыЖоғарғы оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаменті 4 және 15 сәуір аралығында Қарағанды Экономикалық Университет Қазтұтынуодағы негізінде «Сот сараптама орталығы» жұмыскерлеріне арналған «Азық – түлік емес тауарларға сот – сараптама тауартану зерттеу» атты біліктілікті көтеру курсын ұйымдастырды.
Аталған біліктілікті арттыру курсын Қазақстанның аймақтарынан жиналған 15 сот сарапшылары өтті. Атап кетсек : Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан.
Курстық іс-шараға з.ғ.д., «Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасы» профессоры Ханов Т.А. э.ғ.д., «Маркетинг және Логистика» кафедрасының профессоры, э.ғ.к., «Экология және бағалау» кафедрасының доценті Мажитова С.К., х.ғ.к., «Тауартану және сертификация» кафедрасының аға оқытушысы Исабаева Г.М. тартылды.
Курс соңында тыңдаушыларға курсты ойдағыдай өткен ретінде сертификат таратылды. Тыңдаушылар өткізілген лекциялардың, лабораториялық сабақтардың өткізілуінің жоғары сапасын және курстың ұйымдастырылуын жоғары бағалады.

 

 

 

«Сот сараптама орталығы» жұмыскерлеріне арналған «Азық – түлік емес тауарларға сот – сараптама тауартану зерттеу» атты біліктілікті көтеру курсы

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL