Дөңгелек столға
2016 жылдың 19 сәуірінде Экономика және менеджмент кафедрасы Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасының базасында «Бизнес-қауымдастық пен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің тиімді өзара әрекеттесуіндегі Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатысының ролі» атты дөңгелек стол өткізді. Дөңгелек столға бизнес өкілдері мен қаржы секторының өкілдері - «СП Silk Road City» ЖШС атқарушы директоры, «Аманат Иншуранс» АҚ директоры, «Дельта банк» АҚ директоры, сонымен қатар кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кафедраның ПОҚ, ҚҚЭУ студенттер мен магистранттары шақырылды.