Конференция «Антикоррупциялық мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін қамтамасыз етудің, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функциясын жүзеге асырудың негіздерінің бірі»
2016 жылғы 24 мамырда сағат 10:00 Қазақтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде «Антикоррупциялық мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін қамтамасыз етудің, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функциясын жүзеге асырудың негіздерінің бірі» тақырыбына облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет жөніндегі министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті және Экономикалық және құқықтық зерттеулер Ғылыми зерттеу институты (ЭҚЗ ҒЗИ).
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1) Мемлекеттік қызмет саласында, сондай-ақ сот жүйесінде және құқыққорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әдістері;
2) Үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы рөлі;
3) Жастардың антикоррупциялық мәдениетін қалыптастыру – мемлекеттің басым міндеті