«Студентке бағдарланған оқыту: заманауи тәсілдемелер мен құралдар »

«Студентке бағдарланған оқыту: заманауи тәсілдемелер мен құралдар »15 маусым 2016 жыл

Оқу-әдістемелік семинар

07.06.2016-10.06.2016 жыл кезеңінде Эрасмус+ Алматы қаласындағы ұлттық офисінде «Студентке бағдарланған оқыту: заманауи тәсілдер мен құралдар» деп аталатын халықаралық семинар өтті. Оның жұмысына біздің университеттің 2 қызметкері – бизнес және құқық факультеті деканының орынбасары мен ОП ЖҰМПД директорының орынбасары С.Б. Глазунова қатысты.

Семинарда «Еуропа Одағындағы» оқытудың студентке бағдарланған ортасы: заманауи үрдістер, тәсілдемелер және пайдалану», «Студентке бағдарланған оқыту ортасын енгізудің қысқамерзімді және ұзақмерзімді жоспары: ЕО болашағы» және тағы басқа мәселелер қарастырылды. Топтардағы жұмыс әсіресе қызықты және жемісті болды.
Алынған тәжірибені тарату мақсатында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде 2016 жылдың 15 маусымында университет оқытушылары үшін сондай семинар өтті.
Оқыту парадигмасын өзгерту, яғни оны жүзеге асыру барысында, академиялық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде нәтиже үшін жауапкершілікті студенттер өзіне алуы тиіс фраза, семинардың негізгі идеясы болды.
Біздің университеттің қызметіне қолдануға болатын, үздік тәжірибе мысалдары біздің университет оқытушылары арасында үлкен қолдауға ие болды.

«Студентке бағдарланған оқыту: заманауи тәсілдемелер мен құралдар » «Студентке бағдарланған оқыту: заманауи тәсілдемелер мен құралдар »
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL