"Үздік ғылыми-зерттеушілік жұмыс-2016" халықаралық байқауының жүлдегерін құттықтаймыз

"Үздік ғылыми-зерттеушілік жұмыс-2016" халықаралық байқауының жүлдегерін құттықтаймыз2016 жылдың 1 мамыры мен 3 маусымы аралығында «Олимп» ғылыми орталығымен (Москва қ.) «2016 жылдың үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» атты халықаралық конкурс ұйымдастырылды.
Конкурсқа Ресейдің, Қазақстанның, Қырғызстанның әр аймақтарынан 90 ғылыми-зерттеу жұмыстары қатысты.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінен конкурсқа ИС-22-с тобының студенті Тучина Ю. Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к. доцент А.В. Башировтың жетекшілік етуімен орындалған «Криминалистикада кісі өлтіру уақытын анықтауда сандық дифференсациялауды қолдану» атты мақаласын ұсынды. Ғылыми зерттеу жұмысы жүлделі үшінші орынды иеленді.
Мақаланың мәтіні «Заманауи ғылыми зерттеулер мен ізденістер» журналының №3 шығарылымының (3) (маусым 2016) НЦ "Олимп", Москва жарияланды.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus