ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР ЖӘНЕ ДОСТАР!
Қарағанды экономикалық университеті Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы сіздері Дүниежүзілік туризм күнімен құттықтайды!
Дүниежүзілік туризм күні — әлемнің кез келген нүктесіне «есік ашық» күн. Саяхаттау мүмкіндігі сондай тамаша!
Дүниежүзілік туризм күнін 1979 жылы испаниялық Торремолино қаласында Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен. 1970 жылдың 27 қыркүйегінде Дүниежүзілік туристік ұйым Жарғы қабылдады. Содан бері осы күн дүниежүзілік туризм күні болып белгіленген.
Бұл мейрамды атап өтудегі мақсат – туризмді дамытып, түрлі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Туризмнің маңыздылығы мен оның әлеуметтік, мәдени,экономикалық мәнін халықаралық деңгейге жеткізу. Кей мемлекеттер үшін , туризм маңызды экономикалық фактор және мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көзі болып табылады.
Турист болу сәнді, ең бастысы – денін сау және белсенді болуың!