7 қазан 2016 жылы «Есеп және аудит» мамандығы студенттері мен ЭБҚК ҚҚЭУ студенттеріне арналған «Бухгалтер күні» іс-шара өткізу туралы есеп.
«Есеп және аудит» және КЭБП ҚҚЭУ бейінді мамандық студентеріне «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы 7 қазан күні 2016 жылы кәсіптік бағдар және тәрбие жұмысы жайлы іс-шара өткізілді.
«Бухгалтер күніне» арналған іс-шаралар келесі бағдарламаға сәйкес өтткізілді:
1) Салтанатты ашылуы «Дана үкі бухгалтерлік есеп-2016» (105 ауд.). Кіріспе сөз экономика ғылымдарының кандидаты, профессор «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі Мадиева Құралай Сагнаевнаға берілді.
2) «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс магистранттары бухгалтер мамандығы жайлы презентация және бейнероликтер көрсетті.
3) ЭБҚК ҚҚЭУ студенттеріне арналған «Эрудит» атты викторина өткізілді.
4) «Дана үкі бухгалтерлік есеп-2016» номинанттары мен лауреаттарын дипломмен марапаттады.
«Бухгалтерлік есеп және аудит»
кафедрасының кәсіптік бағдар беру
жұмысы бойынша жауапты
магистр, аға оқытушы Сабирова М.А.