МЖБ Студенттік конференциясы
Ағымдағы жылдың 21 қазан күні сағат 14.00-15.00 аралығында 103 дәрісханада ЭТ және МЖБ кафедрасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік жергілікті басқару мамандығының 1-4 курс студенттері арасында «ЖАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған студенттік конференция өтті.
Студенттік конференция мақсаты мен міндеттері:
- өзекті ғылыми мәселелерді шешуде студенттердің үлесін арттыру;
- конференциядағы ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысын анықтап, ынталандыру жұмыстарын жүргізу;
- студенттер бойында ғылыми-зерттеу қабілеттері мен қызығушылықтарын арттыру.
Студенттік конференция жұмысына негізгі 10 үздік мақала іріктелініп қорғауға жіберілді. Жұмыс барысында құрылған әділ қазылар алқасы қорғалған мақалалар арасынан үздік үштікті анықтады. Олар: І орын – Асман Н. ГМУ-42 ғылыми жетекшісі- э.ғ.к., доцент З.Х. Жанбекова , ІІ орын – Қадырбай Е. ГМУ-32к ғылыми жетекшісі- экономика ғылымдарының магистрі Е.Б. Букатов, ІІІ оырн - Құнанбаев С. ГМУ-11к ғылыми жетекшісі- экономика ғылымдарының магистрі Х. Ертай. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды және олардың мақалалары алдағы уақытта университеттік студенттік конфеенция материалдар жинағына ұсынылатын болады.