X Халықаралық студенттер слеті
«ЗАМАНАУИ ЖАСТАР: ИННОВАЦИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, БОЛАШАҚҚА ҰМТЫЛУ»
2025 жылғы 10-11 сәуір
«…Бүгінгі таңда әлемдік қоғамдастықтың алдында климаттың өзгеруіне, ресурстарды сақтауға, кедейлікпен күресуге, инновацияларды дамытуға және инклюзивті қоғам құруға байланысты ауқымды міндеттер тұр.
Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру тұрғысынан студенттердің халықаралық слеті жасанды интеллект дәуірінде ғылыми әлеуетті арттыруға бағытталған жаңа біліммен алмасу мақсатында жас ғалымдар арасындағы ғылыми байланыстарды дамыту үшін сындарлы диалог алаңына айналуы мүмкін...»
Ерқара Аймағамбетов |
Докторанттардың, магистранттардың және студенттердің Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы: «AI & SDGs: Innovations for the Future» э.ғ.д., профессор Е.Б.Аймағамбетовтың, э.ғ.д., профессор А.А. Алимбаевтың, э.ғ.д., профессор М.Г. Лернердің ғылыми мектептерінің қорғауымен
Слёттің мақсаты:
жас зерттеушілердің өзін-өзі жүзеге асыруы, кәсіби және шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау, цифрлық трансформация жағдайында дарынды жастарды анықтау және қолдау.
Слёттің міндеттері:
- жаңа білім алмасу, ғылыми-зерттеу ортасында шығармашылық әлеуетті дамыту және іске асыру мақсатында жас ғалымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту;
- цифрландырудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жас ғалымдардың пәнаралық кешенді ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру;
- цифрлық трансформация жағдайында жоғары оқу орындарында білім алушылардың ғылыми қызметін ынталандыру;
- цифрлық дәуірде студенттік ғылыми қауымдастықтар арасында сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру;
- инновациялық формаларды іздеу және студенттердің ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру деңгейін арттыру.