Хабарландыру

 

 

 

 

 

🎓 GPA 3.33 пе? Мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігін жіберіп алма!

GPA көрсеткіші кемінде 3.33 баллмен аяқтаған түлектерге мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз орналасу мүмкіндігі қарастырылған.

📌 Кімдер үміткер бола алады?
✅ Жоғары оқу орнын бітірген, GPA көрсеткіші кемінде 3.33 болатын түлектер;
✅ Диплом алғанына бір жылдан аспаған түлектер;
✅ Таңдаған лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлер.

🏛️ Қайда жұмыс істеуге болады?
Аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдардағы тиісті бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға мүмкіндік бар.

💻 Бос жұмыс орындарын қайдан қарауға болады?

🔗 eQyzmet электрондық порталы:
https://eqyzmet.gov.kz/

Порталдан «Түлектерге арналған бос лауазымдар» бөлімін іздеп, өз мамандығыңа сәйкес бос орындармен таныс!

✨ Болашағыңды мемлекеттік қызметтен баста! Бұл - кәсіби дамуға және ел игілігі үшін қызмет етуге жасалған маңызды қадам.

📲 Постты достарыңмен бөлісіп, мемлекеттік қызметке қызығатын түлектерге пайдалы ақпарат тарат!

Байланысу үшін: 8 (7212) 504023

Хабарландыру

Хабарландыру

Erasmus+ CirculEC жобасы аясындағы қорытынды еуропалық кездесу Неапольде өтеді

2026 жылғы 10–11 қыркүйекте Неапольде (Италия) Erasmus+ CirculEC халықаралық жобасына қатысушылардың финалық еуропалық кездесуі өтеді.

Іс-шара Неапольдегі Федерико II атындағы университеттің DICEA базасында, TeMALab (Laboratory of Territory, Mobility and Environment) ғылыми-зерттеу зертханасының қолдауымен ұйымдастырылады.

Кездесудің негізгі мақсаттары мен басты тақырыптары:

- пилоттық енгізу қорытындысын шығару: Орталық Азиядағы серіктес университеттерде әзірленген білім беру бағдарламалары мен пәндерді енгізу нәтижелерін таныстыру және егжей-тегжейлі талдау;

-сапа мен тұрақтылықты бағалау: Сапаны бақылау, жоба мониторингі және нәтижелердің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қорытынды есептерді талқылау;

- тәжірибе алмасу және еуропалық тәжірибелер: Академиялық ынтымақтастықтың, әдістемелік сапарлардың және бірлескен зерттеу бастамаларының нәтижелерін қорытындылау;

- болашақ ынтымақтастық перспективалары: Өтпелі экономикасы бар елдер үшін өнеркәсіптік кәсіпкерлікті басқару бойынша магистратураны дамыту траекторияларын айқындау және серіктестік желісін кеңейту.

Екі күндік сессиялар барысында еуропалық және орталықазиялық жоғары оқу орындарының өкілдері жоғары білімді жаңғыртуға, айналмалы (циркулярлық) экономика қағидаттарын және өнеркәсіптік кәсіпорындарды тұрақты басқаруды енгізуге бағытталған көпжылдық жобаның негізгі нәтижелерін түйіндейді.

Оқиға орнынан жаңалықтар мен жаңартуларды біздің сайттан және әлеуметтік желілерден бақылап отырыңыздар!

 

 

Хабарландыру

2026-2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ НЕГІЗІНДЕ ДОКТОРАНТУРАҒА ОҚУҒА ТҮСКЕН ТҰЛҒАЛАР ТІЗІМІ

СПИСОК ЛИЦ, ПОСТУПИВШИХ НА ОБУЧЕНИЕ В ДОКТОРАНТУРУ НА ОСНОВАНИИ ГОСУДАРСТВЕННОГО ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО ЗАКАЗА НА 2026-2027 УЧЕБНЫЙ ГОД

  

  

 

№

ТАӘ/ФИО

Қорытынды балл/

Итоговый балл

D070-Экономика

1

АВДУ АЛИЯ БАЗАРКЫЗЫ

89

2

АЛИМБЕКОВА МАКПАЛ МУРАТОВНА

88

3

АБДУЛЛИН АСЫЛАН НҮРҒАЛИҰЛЫ

82

D071-Государственное и местное управление

4

ТЛЕБАЛДИНА НУРЛЫГУЛЬ ЕРСАЙЫНОВНА

94

5

ИСИНА ГУЛЬМИРА СЕРИКОВНА

88

6

АБИЕВ ЕРЖАН САПАРГАЛИЕВИЧ

86

D072-Менеджмент и управление

8

САТЫМБЕКОВА САИДА БАЗАРБАЕВНА

96

D074-Финансы, банковское и страховое дело

9

АДИЛЬБЕКОВА БАКЫТ АЛПИСБЕКОВНА

94

10

МУРАТОВА АЙГЕРИМ АЗАМАТОВНА

94

D077-Оценка

11

АШКЕНОВА ШЫНАР АМАНДЫКОВНА

100

12

АСХАРОВА САГИРА УСИПКАНОВНА

99

 

Хабарландыру

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тобы бойынша «мерзімді әскери қызметті шақыру бойынша белгіленген мерзімде өткерген азаматтарға арналған» квота шеңберінде босап қалған мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды. Бакалавриат: B091 – Туризм, B068 – Тамақ өнімдерін өндіру. Университетке түскен жылы – 2025. Оқыту тілі – қазақ, орыс. Бос мемлекеттік білім беру грантына үміткер студенттер 2026 жылғы 25 шілдеге дейін деканатқа келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке куәліктің көшірмесі;
  3. Транскрипт;
  4. Мінездеме;
  5. Деканның ұсыным хаты.

БҚТФ деканаты

Хабарландыру

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тобы бойынша «мерзімді әскери қызметті шақыру бойынша белгіленген мерзімде өткерген азаматтарға арналған» квота шеңберінде босап қалған мемлекеттік білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды. Бакалавриат: B051 – Қоршаған орта. Университетке түскен жылы – 2025 Оқыту тілі – қазақ, орыс. Бос мемлекеттік білім беру грантына үміткер студенттер 2026 жылғы 25 шілдеге дейін деканатқа келесі құжаттарды тапсыруы қажет:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке куәліктің көшірмесі;
  3. Транскрипт;
  4. Мінездеме;
  5. Деканның ұсыным хаты.

ЭБКФ деканаты

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL