Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жастар арасында қаржылық сауаттылықты қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін бастады.
Жобаның мақсаты жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржыны басқарудың базалық дағдыларын дамыту болып табылады.
Оқу барысында қатысушылар ие болатын мүмкіндіктер:
- бюджетті жоспарлау дағдыларын және қаржылық шешімдерді дұрыс қабылдау үшін негіз болатын құзыреттер жиынтығын қалыптастыру;
- жинақ мәдениетін қалыптастыру;
- капиталды ұлғайту дағдыларын қалыптастыру;
- жас қаржыгерлер клубын құру.
Сондай -ақ, жобаға қатысушыларды оқыту процесінде қаржы әлеміндегі тәжірибелі сарапшылар мен мамандардан IPO, тұрғын үй бағдарламалары, бизнес, қаржылық стратегиялар, банк ісі сияқты салалар бойынша оқулар өткізілетін болады.
Жобаға тіркелу үшін немесе кез – келген басқа ақпаратты алу үшін 8 776 5 444 666 нөмерлері бойынша хабараласа аласыздар.