«Психикалық ауруы мен ментальды ауытқуы бар адамдарды медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуші балама интернаттардың дамуы» атты дөңгелек үстел.

«Психикалық ауруы мен ментальды ауытқуы бар адамдарды медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуші балама интернаттардың дамуы» атты дөңгелек үстел.9 желтоқсан Астана қаласында өткен дөңгелек үстелге СР-32 тобының студенті Сахатаева Назым қатысты. «Психикалық ауруы мен ментальды ауытқуы бар адамдарды медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуші балама интернаттардың дамуы» атты дөңгелек үстелдің қатысушылары — атқарушы және заң билігінің, денсаулық сақтауд және әлеуметтік дамудың жетекшілері мен мамандары, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, психикалық денсаулық сақтау қызметі тұтынушыларының өкілдері, ғылыми орталықтар мен жоғарғы оқу орын өкілдері осы мәселе бойынша баяндамаларды талдап, тыңдады. Осы жобаның ұйымдастырушылары ретінде – Сорос-Қазақстан Қоры Грантының қолдауымен «Әлеуметтік жұмыс, мүгедектер мен волонтерлер ассоциациясы» ҚҰ (ОО «АСРИВ») болды.
Іс-шара аяқталғаннан кейін дөңгелек үстелге қатысушылар “Мен шешім қабылдаймын- Мен өмір сүремін» атты көрмеге барып қайтты. Надежда Георгиевна (NAD) және Яна Таваниердің авторларының көрмесі Болгарияның Коммерциялық емес құқық орталығы Сорос-Қазақстан қолдауымен “Келесі қадам” бағдарламасының төңірегінде өткізілді. Көрме 16 визуалды тексттік блоктардан тұрған, бұл жерлерде денсаулықтарында ақаулары бар оқиғалар бяндалып, сонымен мүгедектер құқықтарының БҰҰ Конвенциясын қабылдағаннан кейінгі өмірлерінің жақсы жаққа өзгергендігі туралы айтлған. “Мен шешемін, Мен өмір сүремін” көптеген елдерде көрсетілген; сонымен бұл көрініс барлық елдің түпкірлерінде көрсетілген, Қазақстан үшін өте өзекті себебі денсаулықтарында ментальдік ақаулары бар әлеуметтік-әлсіз топтарының өзекті мәселесі болып отыр.

 

«Психикалық ауруы мен ментальды ауытқуы бар адамдарды медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуші балама интернаттардың дамуы» атты дөңгелек үстел.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL