Білім беру жүйесіндегі қайта құруға қатысты мәселелері бойынша Ғылыми Кеңес
2017 жылдың 7 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Ғылыми Кеңесі отырысы өткізілді. Отырыс барысында әлеуметтік желілердегі қатаң сынға ұшыраған білім беру жүйесіндегі қайта құруға қатысты мәселелері қарастырылды.
Қазақстандағы өзекті реформалардың бірі болып әлемді жаһандандырудың заманауи жағдайында көптілді тұрғындарды қалыптастыру және көптілді білім беруді дамыту табылады.
Қазіргі Қазақстандағы тілдік жағдаяттың ахуалы мен келешегінің мәселелері Елбасымыздың "Үштұғырлы тіл" атты тілдік стратегиясында көрініс алған. Мемлекет басшысының ойынша үштілділіктің дамуындағы позитивтілік бірыңғай саяси, идеологиялық және мәдени тұғырнамасы болғанда ғана мүмкін болады.
Ендігі ретте бүгінгі күні ЖОО оқытушыларының алдында басты міндет тұр - кәсіби бағыттағы көптілді тұлғаны қалыптастыру мақсатында пәндерді ағылшын тілінде оқытудың заманауи әдістемелерін әлемнің жетекші жоғары оқу орындарынан үйреніп, оларды оқу үрдісіне енгізу.
Университетте 2016 жылдың қараша айынан бастап Көптілді білім беру орталығы өз қызметін бастады, көптілді білім беруді енгізу үрдісі жүзеге аса бастады, ағылшын тілінде оқытылатын пәндер әзірленді, тіл үйренушілердің біліміне мониторинг жасалып, олардың саны анықталды, тіл үйренушілерге пәнді оқитын білікті кадрлар жұмылдырылды.
Бүгінде оқу үрдісіне ағылшын тілінде 30 пән енгізілді. Университетте халықаралық тілдік (ағылшын тілі) стандарттар бойынша тіл орталығымен 65 оқытушы мен қызметкер және 40 студент тіл үйренуде.
Жуық арада университеттің көптілді білім беру Орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, көптілді оқытушыларға арналған CLIL заманауи әдістемесі негізінде семинар және e-Learning жүйесі негізінде біліктілікті арттыру жұмысын өткізу жоспарлануда. Бруннель университетінің профессоры А.Алтонаян арнайы пәндерді оқытудағы сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыру әдістемесінен ағылшын тілінде дәріс оқиды.
Көптілділік дегеніміз, екі, үш және одан да көп тілдерді меңгеру. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгеру әрқашан қатаң бақылауда. Мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуы әр адамнан басталса, ал әр адамның бәсекеге қабілеттілігі өзінен басталады. Қазақ тілін білу бәсекеге қабілеттіліктің өлшемі деген пайымдауға Президент Н.Назарбаев та көңіл аударды: «Қазақ тілін меңгеру бәсекеге қабілеттіліктің ең маңызды талабына айналды». Мемлекеттік тілді біле отырып, оны тәжірибеде қолдана отырып, біз өзіміздің тәжірибемізді байытып, бәсекеге қабілетті бола аламыз.
Университетте орыс тілінде білім алатын топтарға пәндерді қазақ тілінде оқитын оқытушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне мониторинг жүргізіледі.
Профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттерге арналған А1, А2, В1 деңгейлері бойынша қазақ тілін үйрету курстары ұйымдастырылған.
Академиялық ұтқырлық аясында университетте Малайзияның МАРА Технологиялық университетінің студенттері оқытудан өтті. Мемлекеттік тіл мен Қазақстан мәдениетін дамыту мен насихаттау мақсатында студенттерге арналған «Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті» атты қысқамерзімді курстар өткізіліп, сертификаттар берілді.
Уақытылы, дер кезінде жүзеге аспақ реформаның бірі мектептегі және ЖОО деңгейіндегі емтиханның өткізілуін бөліп, жіктеуге мүмкіндік беретін Ұлттық біріңғай тестілеудің түрлендірілген формасының енгізілуі болып табылады. ҰБТ-дің мектепшілік қорытынды аттестация және ЖОО түсу емтихандары болып бөлінуі жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін кеңейтіп, талапкер студенттердің интеллектуалды әлеуетін, олардың жоғарғы оқу орыны бағдарламасын игеру мүмкіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Түсу емтихандарының дұрыстығы. обективтілігі білім алушының санатына қарамастан (олимпиада жеңімпаздары мен Назарбаев Интеллектуалды мектебінің түлектері) барлығының тапсыру міндетін жоғары қояды. Академиялық қоғам және ата-аналар емтиханды біріншіде тегін тапсыру мен келешекте бірнеше мәрте ақылы түрде қайта тапсыруға мүмкіндік беретін қаралған мұндай мүмкіндікті кеңінен қолдайды.
Тағы бір білім беру саласындағы маңызы жоғары реформаның бірі мамандық жіктеуіші (классификатор) мазмұнының жаңартылуы болып табылады. Халықаралық білім беру кеңістігінде бірігу Еуропалық әкімшілік жүйеге өтудегі отандық білім беруді таныту рәсімдерін жеңілдетуді талап етеді.
Ұсынылатын құжат бүгінгі күні іске асыратын қандай да бір мамандықтарды алынып тастамай, білім беру бағдарламаларын атауын анықтау жоғары оқу орындарының құқығында қалып, жоғары оқу орындарының жаңа мамандықтарының ашуын жеңілдетумен, оқу орындарының академиялық еркіндігін кеңейтеді.
«Серпін-2050» бірегей жобасы білім беру жүйесіне енгізілгеннен бастап Солтүстік және Орталық, Шығыс, Батыс Қазақстан колледждері мен жоғары оқу орындарындағы оңтүстік аймақтарында қоныстанған жастарға сапалы білім алуына мүмкіндік туғызды.
Осы бағдарламаның арқасында бағдарлама студенттеріне шәкіртақы төленіп, жатақханада орын беріледі, сонымен қатар жұмысқа орналасуларына ықпал етіледі, жастар сапалы білім алып, олардың сұранысқа ие мамандыққа иеленуге мүмкіндік алады.
ҚР Ғылым және білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында (24 ақпан 2017ж.) білім беру жүйесін жетілдіру бойынша ҚР БҒМ жүргізген жұмыстары жоғары оқу орындарының ректоры, облыстық білім беру басқармасының жетекшілері, мектеп директорлары, мектепке дейінгі мекемелердің қатысуымен жалпы мақұлдау мен қолдауға иеленді.