Гонконг – сіздің Азия-тынық мұхиты аймағындағы корпоративті платформаңыз» семинары
2017 жылы 29 наурызда ӘЭ мен ХҚ кафедрасының оқытушылары Арыстан М.И., Талимова Г.У., Шукушева Е.В., «Әлемдік экономика» мен «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттерімен бірге Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасы және Гонконгтың ресми сыртқы сауда органы – Сауданы дамыту бойынша Кеңесімен бірлескен «Гонконг – сіздің Азия-тынық мұхиты аймағындағы корпоративті платформаңыз» атты семинарына қатысты.
Семинарда бүгінгі Қытай экономикасының даму ерекшеліктері, ҚХР өнеркәсіп өндірісі мен тұтыну нарығы, Отандық кәсіпорындардың қытайлық компаниялармен бірлескен бизнес жүргізу ерекшеліктері, Гонконгтағы салық жүйесінің артықшылықтары қаралды.