К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университетінде өткен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының ғылыми тағылымдамасы
2017 жылдың наурыз айының 13-шінен 19-на дейін «Стандарттау, сертификаттау және азық-түлік өнімдердің технологиясы» атты бағдарлама бойынша «Стандарттау және сертификаттау» және «Азық-түлік өнімдердің технологиясы» мамандықтарының магистранттары К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технология және басқару университетінде (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) ғылыми тағылымдаманы өтті.
Ғылыми тағылымдаманың бағдарламасы азық-түлік өнімдердің технологиясы, өнімнің стандарттауы және сертификаттауы, азық-түлік өнімдердің қауіпсіздігін растау және сапа бақылауын қамтамасыз етудегі жаңашыл технологияларды, жаңа механиздерді, азақ-түлік өнімдерінің кәсіпорындарында жаңа технологиялардың сапасын бақылау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жобалау және еңгізу аймағындағы ғылыми зерттеулерді өткізуге арналған заманауи тәсілдерді талқылау. Сондай-ақ ғылыми тағылымдаманың бағдарламасына сәйкес практикалық бағыты ретінде магистарнттарға В.М.Горбатов атындағы ет өнеркәсібінің жалпыресейлік ғылыми-зерттеу институт базасында, наубайхана ғылыми-зерттеу институт базасында, ВНИРО атты балық өнімдерін сертификаттау лабораториясында, «Ирекс» ЖШС-да сырттай сабақ өткізілген. Онда магситранттар өнеркәсіптің жаңа түрлерімен және жұмыс технологиясымен танысқан. Сонымен қатар магистранттар диссертация тақырыбтары бойынша К.Г.Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық унивеситеттің және Мемлекеттік қоғамдық ғылыми-техникалық кітапханаларда ғылыми әдебиеттермен жұмыс атқарған.
Ғылыми тағылымдама аяқталған соң магистарнттарға сертификаттар ұсынған.