ІХ Республикалық пәндік олимпиада
2017 жылдың сәуір айының 13 және 14 жұлдыздарында Алматы технологиялық университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша ІХ Республикалық пәндік олимпиадасының (РПО) екінші кезеңі өтіп, оған 10 жоғары оқу орнынан 12 команда қатысты.
ҚЭУ «Тауартану және сертификаттау» кафедрасының атынан оқытушы Жар Жанна Жәнібекқызының жетекшілігімен команданың қатысуына арыз берілген болатын.
Олимпиадасының нәтижесі бойынша ҚҚЭУ ІII дәрежелі дипломға, сонымен қатар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеке біріншіліктің жеңімпазы болып: Асылхан Жанель (ТПП-22к). Алматы технологиялық университеті ректоры Т.Қ. Құлажановтың атынан Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Аймағамбетов Е.Б. ЖОО студенттері арасындағы ІХ Республикалық пәндік олимпиадасының екінші кезеңіне белсенді қатысқан командалары үшін алғыс хат жолданды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!