Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті ғалымдары мен Венгрияның және Чехияның шетелдік профессорларының кездесуі
2017 жылғы 27 маусымда Қарағанды экономикалық университетінде ғылыми жұмыс, стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректор, э.ғ.д., профессор М.Р. Сихимбаев, экономикалық-құқықтық зерттеулер ҒЗИ ғалымдары, з.ғ.д., профессор Т.А. Ханов, э.ғ.д., профессор Қ.С. Айнабек, э.ғ.д., профессор Д.Р. Сихимбаева мен шетелдік профессорлар, Халықаралық байланыстар және сауда институтынан доктор Ласло Вас (Будапешт, Венгрия) пен Экономика Университетінен PhD Мартин Пелух (Прага, Чехия) кездесулері болды.
Кездесудің негізгі векторы ғалымдар мен оқытушылардың оқыту (сабақ беру) шеберлігін арттыру және ғылыми деңгейлерін өсіру мақсатында, Қарағанды экономикалық университеті мен шетелдік ЖОО-лар арасындағы қатынастарды дамыту және нығайту үшін тәжірибе алмасуға, ғылыми-педагогикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.
Кездесуде оқытушылардың сабақ беру шеберліктерін, қызметкерлер үшін біліктілікті арттыру мүмкіндіктерін жетілдіруді тереңдету және студенттердің, магистранттардың, докторанттардың сондай-ақ жас ғалымдардың шығармашылық бастамаларын дамыту үшін халықаралық ғылыми жобалардың нәтижелерін коммерцияландыру перспективаларын, сондай-ақ ЖОО-ішілік ғылымның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметі мақсатында, ЖОО-лар арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту және нығайту мәселелері қаралды.
Шетелдік профессорлар өздерінің ғылыми жоспарларымен және қызығушылықтарымен бөлісті, ЖОО-лар арасындағы одан әрі қарайғы шығармашылық ынтымақтастыққа белсенді қызығушылықтарын білдірді.
Кездесу барысында ЖОО-лар арасындағы шығармашылық ынтымақтастық пен бірлескен ғылыми жобалар туралы шарттарды алдағы уақытта жүзеге асыру үшін стратегиялық бағыттар белгіленді.