«Туризм және болашақ энергиясы: СО2 қалдықтарын қысқарту» халықаралық конференциясына қатысу

«Туризм және болашақ энергиясы: СО2  қалдықтарын қысқарту»   халықаралық конференциясына қатысу 2017 жылы 26- 27 маусым аралығында Астана-Экспо конгресс-орталығында «Туризм және болашақ энергиясы: СО2 қалдықтарын қысқарту» халықаралық конференциясы өтті. Аталмыш конференцияға Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушылары А.К. Жуспекова, С.У. Жетписов, З.А. Абдурахманова қатысты.
Конференцияға 150 мемлекеттің өкілдері және 22 халықаралық ұйым, 46 елден волонтерлар қатысты. Конференция бағдарламасы үш сессияға бөлінді: Сессия 1: «Тұрақты көлік және туризм туризмдегі мобильділік», Сессия 2: «Қонақүй ісіндегі және тұрмыстық саладағы энергия болашағы», Сессия 3: «Тұрақты туризм дамуы үшін төменгі көміртекті моделі».
Сонымен қатар іс-шараға, оның ұйымдастырушысы болып табылған ДТҰ бас хатшысы Талеби Рифаи қатысты. Және де конференцияның ұйымдасуына үлес қосып, қолдау көрсеткен ҚР премьер-министрлігі, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімшілігі, Экспо-2017 АҚ ұлттық компаниясы, және MEGA Center Managment», Самрук-Казына компаниялары.
Конференция барысында тұрақты туризм дамуы туралы сұрақтар қарастырылып, туризмнің басқа да бағыттарына тоқталды – бұл инновациялық тәсілдерді енгізуді талап ететін әлеуметтік, экологиялық, экономикалық, авиациялық, медициналық, ғарыштық туризм және т.б.

 

«Туризм және болашақ энергиясы: СО2  қалдықтарын қысқарту»   халықаралық конференциясына қатысу

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL