Прага экономикалық университетінің PhD, профессоры Мартин Пелуханың сапары
2017 ж. 19 мен 30 маусым аралығында Қарағанды экономикалық университетіне «Еуропалық интеграция процесінің контексінде аймақтық басқару, аймақтық саясат және Чех Республикасында әлеуметтік-экономикалық қайта құру» атты лекциясын Прага экономикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Мартин Пелуха жүргізеді.
Прага экономикалық университеті – Прага қ., Чехияда орналасқан жоғары оқу орны. Университет 1953 жылы құрылған Чех Республикасындағы ең ірі экономикалық университеті болып табылады. Экономика университетінің «doktorhonoriscausa» құрметті атағына Нобель сыйлығының лауреаттары Роберт Мунделл, Милтон Фридман және Гари Беккер, соның ішінде белгілі чех және шетелдік экономистер ие болды .
Прага экономикалық университетінде 6 факультет, 50 кафедра бар және студенттерге 79-дан астам білім бағдарламалары ұсынылады. Қазіргі уақытта университетте 20 мың студент бар. Университетте 700-ден астам білікті оқытушылары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың бірқатар сарапшылары - экономикалық, өнеркәсіптік, саудалық, аудитрлік және консалтингтік компаниялар саласы бойынша жұмыс істейді. Университеттің қызметінде маңызды орынды халықаралық ынтымақтастық алады. Университет бүкіл әлемде 200-ден астам жоғары оқу орындарымен, соның ішінде Қарағанды экономикалық Қазтұтынуодағы, LondonSchoolofEconomics, UniversitätzuKöln немесе UniversitaDegliStudidiBologna атты университеттерімен қарым-қатынас жасайды.