«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының Ашық есіктер күні
«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы №101 мектеп-лицейінің, Теміртау қаласының №31 орта білім беру мектебінің, Қарағанды банк колледжі мен Экономика, бизнес және құқық колледжінің түлектеріне ашық есіктер күні өткізді. Студенттер мен оқушылар квест-ойынына қатыса отырып, студенттердің мәдениет сарайында, мұражайда, кітапханада, «Вдохновение» театрында, химия лабараториясында және «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасында болды, осы жерлердің жұмысынмен және университеттің материалды-техникалық базасымен танысты. Түлектердің аралаған әрбір орында волонтер күтіп алды. Олар білім алушыларға университет жайлы, студенттік өмір жайлы ақпараттар беріп, әртүрлі тапсырмаларды орындауды сұрады. Түлектер Есеп қаржы факультетінің деканы, э.ғ.к., доцент Г.С. Серикова, «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі Қ.С. Мадиева және «Студенттер кеңесінің» мүшелерімен кездесіп университет туралы толық мағлұмат алды.