«1-ші желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні»
«Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар тәуелсіз мемлекеттің құрылуындағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің рөлін талқылады. Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруына, интеллектуалды ұлт қалыптастыру бойынша бастамалар мен Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар әлемдік қауымдастық мойындаған Қазақстан көшбасшының ядролық қарусыздану үрдісіне қосқан үлесін, бітімгершілік қызметін және Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатының арқасында кез келген геосаяси мәселелер мен таластарды бейбіт жолмен шешуге ұмтылатынын белгіледі.