С. Сейфуллиннің 125 - жылдық мерей тойы

С. Сейфуллиннің 125 - жылдық мерей тойыЕлбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру аясында жазушылар одағының негізін қалаушы, қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, мемлекеттік қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 - жылдық мерей тойына орай танымдылық сағаты өтті.
Студенттерді Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларымен таныстырды. «Жазушыдан революционерге дейін» атты басты еңбектері қойылған кітап көрмесі жабдықталды. «Лира» әдеби клубының қатысушылары ақынның өлеңдерін оқып, шығармаларынан үзінділер көрсетті.
Сәкен Сейфуллин өмірінің соңына дейін Қазақстан жазушылар Одағының негізін қалаған жетекшісі болып өтті. Қазақ жазушыларының арасынан ең алғашқылардың бірі болып Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Болашақ ұрпақ осындай Ұлы тұлғаларымыздың еңбектерімен танысып, мақтан тұтуға міндетті.

 

С. Сейфуллиннің 125 - жылдық мерей тойы С. Сейфуллиннің 125 - жылдық мерей тойы
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus