ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі, з.ғ.д., Унзила Шапаққызының «платиналық дәрісі»
08.11.2018ж. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Юриспруденция» мамандығының студенттері мен оқытушылары үшін Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң ғылымының докторы Унзила Шапаккызы «Конституциялық құндылықтар – мемлекет және қоғамның жаңғыртылуының тұғыры» атты өзінің «платиналық дәрісінде» АҚШ және Европа елдерінің конституциялық бақылау және қадағалау органдарының қызмет етуінің жаңа қадамдарын сондай-ақ, ҚР заңдарының ҚР Конституциясына сәйкестігін қараудың отандық тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасады.