«Жастар және ғылым: дамудың жаңа көрінісі мен диалектикасы»

«Жастар және ғылым: дамудың жаңа көрінісі мен диалектикасы»

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті 2020 жылдың 9-10 сәуірінде "Қазіргі жастар: инновацияны құруда – болашаққа ұмтыламыз" атты студенттердің V Халықаралық слетін өткізді.
Слет аясында қаржы, логистика және цифрлы технологиялар факультеті 2020 жылдың 10 сәуірінде "Жастар және ғылым: дамудың жаңа көрінісі мен диалектикасы" атты докторанттардың, магистранттар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы секциясының жұмысын ұйымдастырды. Қазақстанда енгізілген төтенше жағдайға байланысты секциялық отырыс алғаш рет қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы өтті. Секцияда "Ақпараттық жүйелер", "Есептеу жүйелері және бағдарламалық қамтамасыз ету", "Қаржы", "Логистика", "Есеп және аудит" мамандықтары студенттерінің баяндамалары тыңдалды. Баяндамашылар өндіріс пен білім беруде сандық технологияларды қолдану Industry 4.0, экономика дамуының қазіргі жағдайында қаржы нарығының диджитализациясы, қызмет көрсету саласының даму проблемалары мен перспективалары, қазіргі жағдайда бухгалтерлік есеп, талдау және аудит мәселелері бойынша және қазіргі заманғы процестерді талдау және моделдеуде математикалық әдістерді қолдану бойынша өзекті мәселелерді айтты.

 

«Жастар және ғылым: дамудың жаңа көрінісі мен диалектикасы» «Жастар және ғылым: дамудың жаңа көрінісі мен диалектикасы»
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus