Достық Фестивалі
2016 жылдан бастап жыл сайын 1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні мерекеленеді. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет пен ризашылықтарын білдіреді. Алғыс айту күні - қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қайырымдылық, әлеуметтік ынтымақтастық және өзара көмек дәстүрлерін қолдау күні!
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Алғыс айту күніне арналған Достық фестивалі өте көңілді өтті.
Фестивальді ашқан әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Қ.Ж. Әбілов: "Сталин режимі кезінде, 1930-40 жылдары Қазақстанға тұтас халықтар жер аударылды. Корейлер, немістер, поляктар, шешендер, ингуштар, қарашайлар, балқарлар және басқалар. Олар вагондардан тікелей жалаңаш далаға түсірілді. Өздері аса мұқтаж болған қазақ отбасылары оларды аман үйлеріне алып кетті, бір үзім нанмен бөлісті және іс жүзінде олардың көпшілігінің аман қалуына көмектесті.
"Бір-біріне мейірімділік танытып, бір-бірін туған-туыстары ретінде қабылдайтын, барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту күнін, 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні атап өту туралы шешім қабылданды" - деді.
Фестивальге қатысушы орыс, неміс, корей, өзбек, украин және шешен этносының өкілдерін көрермендер қошеметпен қарсы алды. Олар этностардың тұрмыс ерекшеліктері мен салт-дәстүрлері туралы айтып, жиналғандарға ұлттық тағамдар мен шығармашылық нөмірлерін көрсетті: өлеңдер оқып, әндер айтып, билер биледі.. Орыс, өзбек және корей би нөмірлері, украин тіліндегі ән және неміс тіліндегі өлеңдер, әрине, жалынды лезгинка ешкімді бей-жай қалдырмады.
Фестивальға Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" ҚММ ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Д. Б. Малаев, "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің мүшесі И. Умалатов, Қазақстан кәрістер Қауымдастығының Қарағанды филиалының мүшесі Л. И. Ким қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Фестиваль бірлескен аспен аяқталды: фестиваль қатысушылары, қонақтары және жай ғана қатысушыларымыз ұлттық тағамдардан дәм татты: алтын өзбек палауы, орыс құймағы және тұшпарасы, шешен котам-галнаш (галушки) және хингалш (тортильла), неміс шұжықтары мен бәліштері, корей салаттары мен тауық еті "Чимэк", украиндық тұшпара және қуырылған саңырауқұлақтары, осының барлығы украиндық кваспен және сүтпен хош иісті қазақ шайымен ішілді.