«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасын жетілдіру

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасын жетілдіру

2022 жылғы 10 қазанда Экономикалық теория және мемлекеттік және жергілікті басқару кафедрасының оқытушылары Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы Астана хабымен бірлесіп Мемлекеттік қызмет саласында "Мемлекеттік қызметшілерді оқыту және даярлау. Қазақстанның жоғары оқу орындарында "Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасы" атты іс-шараға қатысты.
Астана Мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитетінің төрағасы Бәйменов Әлиханға, сондай-ақ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Мұхатаев Айдосқа құттықтау сөз берілді.
Жоғары білім және мемлекеттік басқару саласындағы сарапшы, экономика ғылымдарының докторы, доцент Есімова Шолпан және білім беру менеджменті саласындағы сарапшы Қаратабанов Руслан баяндама жасады. Келесі мәселелер талқыланды:
1. Бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының компоненттері;
2. Мемлекеттік қызметшілерді арттыру және даярлау: мәселелері мен болашағы
3. Мемлекеттік басқару жөніндегі оқытудың әлемдегі тәсілдері
4. Оқыту нәтижелерін әзірлеудің жаңа тәсілдері
5. Бағалау әдістерінің дизайны
Нәтижесінде тәжірибе алмасу жүргізіліп, мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша әдістемелік және практикалық ұсынымдар берілді.

 

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасын жетілдіру «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасын жетілдіру
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL