Бала құқықтары туралы заңдардағы нағыз маман білуі керек жаңашылықтар

Бала құқықтары туралы заңдардағы нағыз маман білуі керек жаңашылықтар

Әр баланың қорғану құқығы бар. Қазақстанның барлық өңірлерінде бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Олар баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы жөніндегі өтініштерді, жергілікті атқарушы органдар мен басқа ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды қарайды.
2022 жылғы 14 қазанда «Әлеуметтік жұмыс» және «Психология және білім берудегі менеджмент» ББ студенттері «Сарыарқа Дарыны» БДҰ РҒПО жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық уәкіл И.Б. Киселевамен кездесті.
Студенттер Қарағандының балаларды қорғау тәжірибесімен, Қазақстан Республикасының жаңа деңгейде өмірлік қиын жағдайлардағы, буллингке ұшыраған, ерекше білім беру жағдайларына мұқтаж балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге арналған заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысты.
Кездесу пайдалы және қызықты болды, «көмектесуші» маман тек жылдар бойы жинақталған білім мен ресурстарды пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар оның кәсіби саласындағы барлық өзгерістерден хабардар болуы керек.

 

Бала құқықтары туралы заңдардағы нағыз маман білуі керек жаңашылықтар Бала құқықтары туралы заңдардағы нағыз маман білуі керек жаңашылықтар
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL