Университет студенттеріне мемлекеттік қызметке түсу ережелері туралы айтылды
2022 жылғы 11 қарашада біздің университетте "Мемлекеттік жергілікті басқару", "Құқықтану" ББ студенттерінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілдерімен, басшысы Жолданғар Е. К. кездесуі өтті.
МҚІА өкілдері мемлекеттік қызметке түскісі келетін түлектердің келешегі, меритократия қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа моделін құру туралы айтып берді.
Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, сұрақтар қойды. МҚІА өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіру үшін барлық қажетті ақпаратты берді. Тестілеуге өтінім беру, конкурстарға қатысу үшін құжаттарды тапсыру механизмін түсіндірді, толық ақпарат алу үшін Агенттіктің ресми сайтына көшудің белсенді сілтемелерін көрсетті.
Сондай-ақ, жас мемлекеттік қызметші мектебінің жұмысы аясында одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.