Қарағанды қаласы полиция басқармасының өкілдерімен кездесу
2023 жылдың 02 наурызында университетте Қарағанды облысы ПД Қарағанды қаласы полиция басқармасы өкілдерінің "Құқықтану" және "Сот құқық қорғау қызметі" білім беру бағдарламаларының студенттерімен кездесуі өтті.
Қарағанды қаласы полиция басқармасы кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері ішкі істер органдарына қызметке кандидаттарды қабылдауды жариялады, полиция органдарына жұмысқа орналастыру бойынша барлық сұрақтарға жауап берді.
Кездесу барысында ішкі істер органдарының міндеттері, құзыреттері мен өкілеттіктері, сондай-ақ қызмет өткерудің артықшылықтары атап өтілді:
- жұмыс берушінің есебінен бастапқы оқыту және біліктілікті арттыру;
- қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақысының ұлғаюымен тұрақты және уақтылы жалақы;
- сауықтыру жәрдемақысы, мансаптық өсу;
- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету.
Студенттер жақсы кеңес алды, Egov электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде тестілеуге жазылды, қатардағы және орта құрамдағы лауазымдарға кандидаттар үшін қажетті құжаттардың тізбесін алды.
Түлектерді жұмысқа орналастыру-кез келген ЖОО жұмысын бағалаудың маңызды критерийі. Сондықтан әлеуетті жұмыс берушілермен осындай кездесулерді ұйымдастыру өте маңызды.