Стратегиялық сессиялар- университеттің 2029 жылға дейінгі жаңа даму бағдарламасын талқылаудың тиімді форматы

Стратегиялық сессиялар- университеттің 2029 жылға дейінгі жаңа даму бағдарламасын талқылаудың тиімді форматы

Университет өзіне үнемі біз кімге сабақ береміз, қалай оқытамыз және түлектің қандай құзыреттілік жиынтығы болуы керек деген сұрақтар қоюы керек. Оларға әлемнің өзгергіштігіне байланысты біржола жауап беруге болмайды. Екінші жағынан, білім беру жүйесінің негізгі бөлігі үнемі трансформациядан өтеді. Қазір жоғары оқу орындарында жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасын ескере отырып, өз көзқараста-рын, форматтары мен модельдерін қосуға, бізге не сәйкес келетінін анықтауға уақыт бар.
Мамыр айында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде замана-уи жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті формат-тарын, нысандары мен мазмұнын іздеуге бағытталған білім беру процесін трансформациялау мәселелерін талқылау үшін бірқатар стратегиялық жо-балау-талдау сессиялары өтті.
Бұл көптеген мүдделі тараптарды тарту үшін таңдалған тәсіл. Әр сес-сияның құрылымы кездейсоқ таңдамалы түрде қалыптасатын бірнеше фо-кус-топтардың жұмысын білдіреді. Жалпы алғанда, басым бағыттардың әрқайсысы бойынша сессия жұмысына ректорат мүшелері, профессорлық-оқытушылар құрамы, әкімшілік қызмет басшылары қатарынан 30-дан астам адам қатысты.
Сессия қорытындысы бойынша барлық мүдделі тараптарға сауалнама жүргізу және 2023 жылдың тамызына дейін ғылыми кеңестің бекітуіне ұсынылатын университетті дамытудың жаңа бағдарламасын қалыптастыру жоспарлануда.

 

Стратегиялық сессиялар- университеттің 2029 жылға дейінгі жаңа даму бағдарламасын талқылаудың тиімді форматы

 


Стратегиялық сессиялар- университеттің 2029 жылға дейінгі жаңа даму бағдарламасын талқылаудың тиімді форматы

Стратегиялық сессиялар- университеттің 2029 жылға дейінгі жаңа даму бағдарламасын талқылаудың тиімді форматы
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL