• Blog news

Бос орындар жәрмеңкесі-2022

2022 жылғы 22 сәуірде сағат 14.00-де "Миллениум"кафесінде Қалалық "Бос орындар жәрмеңкесі-2022" өтеді. Білікті кадрларды қажет ететін ұйымдар мен компаниялардың өкілдері шақырылды. Кездесу барысында түлектер мен студенттердің жедел сұхбаттан өтуге және перспективалы әрі қызықты жұмыс табуға мүмкіндігі болады.

Онда біздің Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне «Қош келдіңіз!» дейміз! Университеттің «Ашық есік» күні 2022 жылдың 16 сәуірі күні сағат 10.00-де Қарағанды қ., Академическая к-сі, 9 мекенжайында Сізді және сыныптастарыңызды күтеді.

Құрметті Талапкер!

Мамандықтар әлеміне саяхат жасағыңыз келе ме? Сұранысқа ие мамандықты таңдап, білікті әрі мықты маман болғыңыз келе ме? Қайталанбас нағыз студенттік өмірді шынайы сезінгіңіз келетін шығар?
Онда біздің Қазтұтынуодағы Қарағанды университетіне «Қош келдіңіз!» дейміз! Университеттің «Ашық есік» күні 2022 жылдың 16 сәуірі күні сағат 10.00-де Қарағанды қ., Академическая к-сі, 9 мекенжайында Сізді және сыныптастарыңызды күтеді.
Сіз бұл күні жоғары оқу орнына түсу ережелері, университеттің білім беру бағдарламалары туралы бәрін біле аласыз; профессорлармен және оқытушылармен танысып қана қоймай, олардың ақыл-кеңесін тыңдай аласыз; біздің аудиториялар мен зертханаларды өз көзіңізбен көре отырып, университетіміздің «ғажайып» екеніне көз жеткізесіз, квесттер мен би батлдарына қатыса аласыз!

Келіп көріңіздер! Дұрыс таңдау жасап, біздің университетіміздің студенті болыңыздар!

Университетімізге №19, 30, 31, 44 автобустарымен келе аласыздар! (Коопер аялдамасы)

 

«Баршаның назарына!» дабылы бойынша халықтың іс-әрекеті

«Баршаның назарына!» дабылы бойынша халықтың іс-әрекеті

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы төтенше жағдайлар болғанда не қауіп-қатер төнгенде халықтың назарын аудару үшін берілетін «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша орындалатын іс-қимыл тәртібін білуі және орындауы тиіс.
«Баршаның назарына!» дабылы соғылғанда халық теледидарларды, радионы және ақпарат қабылдаудың басқа да құралдарын іске қосып, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті. Таратылатын ақпарат түрлі сипатта: химиялық қауіпті объектідегі немесе теміржол көлігіндегі апат, химиялық, радиоактивті зақымдану, табиғаттың дүлей апаты, әуе қауіп-қатерлері және адам өміріне қауіп тигізетін басқа да төтенше жағдайлар, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, болуы мүмкін әуе қаупі мен басқа да төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ халықтың осы төтенше жағдайлардағы іс-әрекеті жайында болуы мүмкін.
Сөйлеу арқылы құлақтандырылатын ақпарат мәтіні қазақ және орыс тілінде беріледі.
Алыс қашықтықта орналасқандықтан сирена дыбысы естілмейтін және орталық радиохабардың дауыс зорайтқышы жоқ жерлерге «Баршаның назарына!» дабылы мен сөйлеу арқылы берілетін ақпарат дабыл тарататын қондырғымен жабдықталған арнайы көліктер арқылы таратылады. Туысқандарыңыз, достарыңыз бен көршілеріңіз естімей қалуы мүмкін, сондықтан да оларға хабарлаңыздар. Кез-келген үрей мен қаңқу сөзді болдырмауды қадағалаңыздар!

АҚ штабының бастығы Н. Алимкулов

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL